Эстетикалық гимнастика

      Командалық рух пен мәнерләік

     Эстетикалық гимнастика — спорттың жаңа және көріністік түрі, дененің стильді, табиғи қимылдарында негізделген кез келген жастағы қыз балаларға арналған ең әдемі спорт түрлерінің бірі. Эстетикалық гимнастиканы көбінесе кілем үстіндегі синхронды жүзу деп атайды. Ол іс-қимылдарды орындаудың мінсіз синхрондылығымен,  керемет музыкалық композициямен және әртістік орындаушылықпен байланысты.  Сұлулық, сымбаттылық, көркемділік, шабыт – осының барлығын эстетикалық гимнастикада көруге болады. Бұл спорт түрінде саздылық, әсемділік, сымбаттылық нәзіктілік және пәктілік мінсіз үйлесім тапқан. 

      Эстетикалық гимнастика тек қана әдемі де сымбатты спорт түрі емес, сонымен қатар арманшыл спорт түрі де болып келеді. Эстетикалық гимнастиканың негізін салушысына орыс ақыны Сергей Есениннің ғашық болуы бекер емес.  Спорттың осы түрін ашқан Айседоре Дункан деп есептейді, дәл осы адам классикалық балеттегі пуантада емес жалаң аяқ билеп, өз қимылдарында  ертегректік пластиканы пайдаланған.

     Эстетикалық гимнастика командалық спорт түрі болып табылады, бұл арада белдіктер, доптар, және құрсау көркем гимнастикадағыдай жиі пайдаланылмайды.  Команда бірігей тұлға– әрбір көз тастау мен демалу, қол ұшының әлсіз қимылына дейін бірігей қозғаллыс болуы тиіс. Жаттығулар нәтижесінде әрбір элементтің орындалуы, музыкамен бірлесі жетілдіріледі. Эстетикалық гимнастика бойынша жарыстар -  жарқын көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы -  орасан зор көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы – өзінде спортты, пластиканы, сымбаттылықты, заманәуи хореографияны, командалық рухты және мәнерліті бірліктіретін кішігірім спектакль.

     Шынында гимнастиканың осы екі түрінің бірігей шығу тегі бар. Эстетикалық гимнастикада спортшыдан нақты қасиеттер талап етілмейді, сондықтанда бұл спорт түрімен кез келген жаста шұғылдануға болады.